Пластикалық отаға қыруар ақшасын сарп еткен ару адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Опубликовано:

Эмбер
Фото: @ ambermayy / Jam Press

Ұлыбританияда 22 жастағы бойжеткен пластикалық отаға 49 мың долларын сарп еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

22 жастағы Эмбер Мэй - тележүргізуші әрі модель болып жұмыс істейді деп жазады Daily Star басылымы. Пластикалық отаға әуестеніп алған ару адам танымастай өзгеріп кеткен.

Эмбер
Фото: @ ambermayy / Jam Press

Ол жеңіл жүрісті әйелдерге келбетінің ұқсағанын қалаған. Нәтижесінде айналдырған екі жарым жылда бойжеткен пластикалық отаға шамамен 49 мың доллар жұмсайды.

Стриптиз билеп ақша табатын бойжеткен, қаражатының денін келбетіне жұмсайтын көрінеді.

Эмбер
Фото: Эмбер Мэй ота жасатқанға дейін / @ ambermayy / Jam Press

Ол көшедегі адамдардың оны Барби қуыршағына ұқсататынын айтып, мақтанды.

Мидлендсте тұратын Эмбер 18 жасынан пластикалық ота жасатып жүр. Ол 19 жасында алғаш рет төсін үлкейткен.

Эмбер
Фото: Эмбер Мэй ота жасатқанға дейін / @ ambermayy / Jam Press

Бірнеше аптадан кейін ол қайтадан ота жасатуға бел буады.

"Мен қашан да жасанды үлкен төсім болғанын қалайтынмын. Instagram желісіндегі төсі үлкен қыздарды көріп, олардан асып түсуге бел будым", - дейді ол.

Эмбер
Фото: @ ambermayy / Jam Press

Бойжеткен төсінен бөлек жамбасын үлкейтіп, мұрнын түзеткен. Артынша ернін үлкейтіп, бетіне, иегі мен жағына да пластикалық ота жасатады.

Эмбер мұндай құрбандықтарға желіде танымал болу үшін баруда.

"Алғаш төсімді үлкейткенде менің парақшама бір түнде 20 мың адам жазылды", - дейді ол.

Бойжеткенді, тіпті пластикалық отадан денсаулығына нұқсан келіп жатқандығы да тоқтатар емес.

Еске салсақ, бұған дейін біз денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алғанын жазған едік.

Одан бөлек, Автралияда қыруар ақшаға төсін үлкейткен ару қыпша бел үшін қабырғасын алдырып тастамақ ниетте екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873695-plastikalyk-otaga-kyruar-aksasyn-sarp-etken-aru-adam-tanymastaj-zgerip-ketti-foto/