Денесінің 98 пайызын қараға бояған жігіт тіпті қолтығына дейін тату салдырған
Жарияланған күні:
Берлиннің 33 жастағы тұрғыны денесінің 98 пайызын татумен қара түске бояған. Ол татуды, тіпті қолтығына да салдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
33 жастағы Пол есімді азамат өзінің татуға толы денесінің суреттерімен Instagram желісіндегі @bodysuit_in_progress парақшасында бөліседі деп жазады Daily Star басылымы. Жігіт кей жерлеріне салынған татудың ауыр тигені соншалық, арасында еңіреп жылап та алғанын жасырмайды.
Дүкен менеджері әрі диджей болып жұмыс істейтін азамат екі жыл бойы тоқтаусыз денесіне тату салдырып келіпті.
Мойынынан бастап, аяғына дейін қара түсті тату салдырған Пол тек қолы мен бетін ақ күйінде қалдырыпты.
"Мен бұрыннан денеме толықтай тату салдыруды армандап келдім. Алайда ауырсынуларға шыдамаймын деп қорқатынмын. Екі жыл бойы әр үш аптаның алты сағаты тату салдыруға кететін. Бұл оңайға соқпады, алайда мен тірі шықтым", - дейді Пол.
Жігіт тату салдырғаны жұмысына еш кедергі келтірмейтінін алға тартты.
"Мен қалаған жұмысты істей аламын, жеңі ұзын жейде кисем, тіпті банк қызметкері болуыма да болады. Себебі, тату киімімнің астында қалады. Бетім, мен қолыма мен тату салдырмадым", - дейді ол.
Пол тату салдырған оңай еместігін айтуда.
"Ең ауыр түскен жерлер төсім, белім, қабырғам, әуретті жерім мен қолтығым болды. Отбасым мен жақындарым менің бұл әуестігімді шығармашылық талпыныс ретінде бағалап, түсіністікпен қарайды", - дейді жігіт.
Еске салсақ, бұған дейін біз денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алғанын жазған болатынбыз.
Одан бөлек, пластикалық отаға қыруар ақшасын сарп еткен ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874217-denesini-98-pajyzyn-karaga-boagan-zigit-tipti-koltygyna-dejin-tatu-saldyrgan/