Әлемді аузына қаратқан "жасыл үйден" тұрғындар не себепті безіп жатыр
Жарияланған күні:
Әлем жұртшылығының ерекше назарына ілінген Қытайдағы "жасыл үй" жергілікті тұрғындардың сынының астында қалды. Үйден безген тұрғындар онда тұру мүмкін еместігін айтуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Тік орман" деп аталатын жоба жоспар бойынша ерекше сұранысқа ие болуы тиіс еді. Алайда үй адамдар арасында емес, масалар арасында жоғары сұранысқа ие болған.
Жоба агентінің айтуынша, барлық 826 пәтер осы жылдың сәуірінде сатылып кеткен. Алайда үй қаңырап бос жатыр. "Эко-жұмаққа" айналуы тиіс болған ғимарат "ақырзаман фильмдерінен" үзіндіні еске салады.
Тұрғындар "теңдессіз" жасыл үй төңірегінде шу шығаруда. Себебі, ондағы өсімдіктер өңірдегі маса мен жәндіктердің бәрін өзіне жинап алған.
Жәндіктерден мезі болған үйдің жаңа иелері ол жерден мүлде көшіп кетіпті. Тек он шақты отбасы ғана масалармен көршілес тұруға қарсы болмаған.
Chengdu’s Qiyi City Forest Garden деп аталатын тұрғын үйлер Қытайдың Чэнду қаласында 2018 жылы бой көтерген.
8 мұнарадан құралған үй қаңырап қалғаны соншалық, бүгінде оның қылтималарын толықтай өсімдік басып кеткен.
Мемлекеттік Global Times басылымының мәліметіне сәйкес, бүгінде қаңыраған үйде шамамен небәрі 10 отбасы тұрып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін біз Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазған болатынбыз.
Одан бөлек, 13 жасар баланың кейпінде қалып қойған 32 жастағы ер адам мұңын шаққанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874792-lemdi-auzyna-karatkan-zasyl-jden-trgyndar-ne-sebepti-bezip-zatyr/