Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз төсек қатынасы қанша уақытқа созылуы керек

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ ғалымдары мінсіз төсек қатынасының қанша уақытқа созылуы керектігін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы otvprim.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Пенсильвания университетіндегі ғалымдар жыныстық қатынастың мінсіз болуы үшін оның ұзақтығы қандай болуы керектігін анықтады.

Олар мұны анықтау үшін медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және отбасылық писхологтардың мәліметтеріне ауқымды сараптама жүргізген. Одан бөлек мыңдаған жұптан сауалнама жүргізіпті.

Белгілі болғандай, мінсіз төсек қатынасының ұзақтығы 7-13 минутты құрайды екен. Ал егер жұптың төсек қатынасы 30 минутқа созылса, жұптардың бірінің ғашығынан көңілі қалуы ғажап емес дейді мамандар. Бірнеше минутқа ғана созылатын төсек қатынасын да мінсіз деп бағалау қиын дейді олар.

Одан бөлек, ғалымдар төсек қатынасы адам жадын жақсартатынын анықтаған. Олар жиі төсек қатынасына түсетіндер сөздерді жақсы есте сақтай алады деген тоқтамға келіпті.

Еске салсақ, бұған дейін канадалық дәрігер төсек қатынасы кезінде маска тағуды ұсынған болатын.

Одан бөлек, АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875269-minsiz-tsek-katynasy-kansa-uakytka-sozyluy-kerek/

pixel