Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кетті

Жарияланған күні:

Ару
Фото: andrea.andrea345

Болгарияда тұратын 22 жастағы бойжеткен әлемдегі ең үлкен ерінге ие болу үшін адам танымастай өзгеріп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бойжеткен әлемдегі ең үлкен ерін иесі атануға қол жетізу жолында дәрігерлердің ескертпелеріне де құлақ аспауда деп жазады Daily Star басылымы.

Ару
Фото: andrea.andrea345

Софияда тұратын 22 жастағы студент Андреа Эмилова Иванова осымен 21- рет ерніне филлер екпесін салдырып отыр.

Ару
Фото: andrea.andrea345

Ол ернін барынша үлкен етуді армандайды. Андреа ернін өзінің қалыпты өлшемінен төрт есе үлкейтіп үлгерген.

Ару
Фото: andrea.andrea345

Бойжеткен ол үшін, тіпті қыруар қаражатын да аямаған. Ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында 62 100 жазылушысына ернінің суреттерін жария еткен.

"Екі апта бұрын мен 21 екпені салдырдым. Себебі, ернімнің көлемін сақтап қана қоймай, оны одан да үлкен еткім келеді. Ерніме егілген гиалурон қышқылы бірнеше айда ағзаға тарап кетіп, ерін қайта кішірейе бастайды. Сол себепті, мен тұрақты түрде екпені қайта салдырып отыруға мәжбүрмін", - деп өз әрекетін түсіндірді ару.
Ару
Фото: https://www.instagram.com/p/CESF85FhbXi/

Ару ернін тым қатты үлкейткені соншалық, үстіңгі ерні мұрнының ұшына дейін тиетін деңгейге жеткен. Дәрігерлер бойжеткеннің бұл әуестігі жақсылыққа алып бармайтынын және денсаулыққа орасан нұқсан келтіретінін талай рет ескерткен.

Десе де бойжеткен райынан қайтар емес.

"Дәрігер маған алаңдап ернімді кішірейтуді ұсынды. Алайда мен түбегейлі бас тарттым. Ол мұның денсаулыққа қаупі барын айтты. Бірақ мен әзірге ешқандай кері әсерін сезініп жатқан жоқпын", - дейді ол.
Ару
Фото: andrea.andrea345

2018 жылдан бері ернін үлкейтіп келе жатқан Андреа өзінің сұлулығына қатысты жұрттан талай мақтаулар естігенін алға тартты.

Андреа
Андреаның отаға дейінгі келбеті. Фото: Jam Press

Еске салсақ, бұған дейін біз қыруар ақшаға терісін қарайтып, төсін үлкейткен ару көпшілікке жақпай қалғанын жазған едік.

Ару
Фото: andrea.andrea345

Одан бөлек, жасы 55-тен асқан әйел жастардан қалыспай денесіне толықтай тату салып алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876989-lemdegi-e-lken-eringe-ie-bolgysy-kelgen-aru-adam-tanymastaj-zgerip-ketti/