Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балықшы екі жыл бұрын жоғалған әйелді су бетінде қалқыған күйінде тауып алды (фото)

Опубликовано:

Әйел
Фото: Rolando Visbal Lux/Newsflash

Колумбияда екі жыл бұрын із-түзсіз кеткен әйелді балықшылардың бірі су бетінде қалқыған күйінде тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Теңіз бетінде ес-түссіз күйде табылған 46 жастағы Анжелика Гайтан (Angelica Gaitan) Роландо Висбал (Rolando Visbal) есімді балықшының зәресін әбден ұшырған деп жазады dailystar.co.uk.

Пуэрто қаласынан 1,9 шақырым қашықтықта теңіз бетінде қалқыған әйелді балықшылар басында бөрене деп ойлап қалған. Әбден ашыққан әйел есін жиғанда "мен қайта өмірге келдім, Құдай өлгенімді қаламады" деген екен.

Әйел
Фото: Rolando Visbal Lux/Newsflash

Емханаға дереу жеткізілген Анжелика есін жиғасын отбасымен қайта қауышты. Полицейлер одан соңғы екі жылда қайда болғанын сұраған.

Белгілі болғандай, әйел 20 жыл бойы күйеуінен зорлық көріп келгеніне шыдамай, үйінен қашып кеткен екен.

"Бірінші рет жүкті болғанымда күйеуім түгімді қалдырмай сабайтын. Екінші жүктілігімде де ұрып-соғу жалғасын тапты. Қыздарым тым кішкентай болғасын кете алмадым. Полицейлер менің арызымнан кейін оны тек 24 сағат қамауда ұстап, босатып жіберетін. Ол үйге қайтып келіп, мені одан бетер ұрып-соғатын. Өлімші күйге түскенде, ақыры қашып кеттім", - дейді ол.
Әйел
Фото: Rolando Visbal Lux/Newsflash

Алты ай бойы өзге қалада тентіреп жүруге мәжбүр болған әйел құтқару орталығынан пана табады. Алайда ол жерде де Анжеликаға қол көтеретіндер табылған.

"Құтқару орталығының тұрғындары да соққыға жығуды шығарды. Ақыры мені қуып жібергенде, өзіме қол салмақ болып, теңізге бет алдым. Бұрынғы күйеуім ізімді торуылдап, туыстарыма жолаттырмағасын қатты жалғызсыраған болатынмын", - дейді әйел.
Әйел
Фото: Rolando Visbal Lux/Newsflash

Теңізде есінен танған әйел содан кейін ештеңе есінде қалмағанын алға тартты. Анжеликаны қызы мен әпкесі өз қамқорлығына алған. Бүгінде әйел өзін құтқарып қалған балықшыға алғысын білдіруде.

Еске салсақ, бұған дейін біз Индонезияда үш күн бойы мұхитта қалқыған балықшы табылғанын жазған едік.

Одан бөлек, "Тақтар таласы" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актер Шон Бин ендігі ешбір фильмде "өлгісі келмейтінін" мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1877038-balyksy-eki-zyl-bryn-zogalgan-jeldi-su-betinde-kalkygan-kjinde-tauyp-aldy-foto/

pixel