Асқазаны ауырғанға шағымданған қыздың көзінен жастың орнына қан ақты
Жарияланған күні:
Бразилияда көзінен қан аққан 15 жастағы қыз дәрігерлердің таңданысын тудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бразилияның Сан-Паулу қаласында тұратын Дорис есімді 15 жастағы қыз анасына асқазанының ауырғанын айтып, шағымдана бастаған деп жазады odditycentral.com басылымы.
Не істерін білмеген анасы оны жетектеп, емханаға келген.
Дәрігерлер 15 жастағы Дористің бүйрегінде тас бар деген диагноз қойып, науқасқа қажетті дәрі-дәрмектерін беріп, үйіне жібере салған.
Бірақ ертеңіне-ақ есеңгіреген ана қызын дәрігерлерге қайтып алып баруға мәжбүр болады. Себебі, қызының көзінен жастың орнына қан аға бастаған.
Бірнеше күн бойы дәрігерлер бұл ерекше құбылыстың себебін түсінуге тырысып, сансыз талдаулар жасайды, бірақ олар бұған ненің себеп болғанын анықтай алмапты.
Дорис өзінің көзінен ешқандай ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезбейтінін айтады, бірақ қыздың көзінен қан аға бастауы отбасын қатты қорқытқан.
Десе де офтальмолог Рафаэль Антонио Барбоза Дельсин Дориске де, оның отбасына да бекер алаңдамауға кеңес берді.
Гемолакрия, яғни көз жасында қанның болуы әртүрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін екен. Бұл жағдай антибиотиктермен немесе гормондық дәрілермен емделеді, кейде дерт өздігінен жоғалып кететін көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін біз ерекше генетикалық дертке шалдыққан индонезиялық тайпа теңдессіз сұлу көз жанарына ие болғанын жазған едік.
Одан бөлек, бойы екі метрден асатын 17 жастағы қыз әлемдегі ең ұзын аяқтың иесі атанғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878511-askazany-auyrganga-sagymdangan-kyzdy-kzinen-zasty-ornyna-kan-akty/