Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда маска тақпағандарды мақта теру жұмыстарына салып қойған

Опубликовано:

мақта теру
Көрнекі фото: www.centralasian.org

Бүгінге дейін коронавирус жұқтырғандар ресми анықталмады деп мәлімдеген Түркіменстанда полиция маскасыз көшеде жүргендерді ұстап, айыппұл салып жатыр. Ал төлей алмағандарды мақта алқабына шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

"Мары қаласында полиция қызметкерлері аялдамада маскасыз тұрғандарды ұстап, бөлімшеге алып кетіп жатыр. Маска тақпағандарға 51 манат айыппұл салынады. Айыппұл төлегендердің қолына арнайы чек берілмеген. Ол ақшаны тәртіп сақшылары өздері алады", - деп мәлімдеген жергілікті БАҚ тілшісі.

Ал маска тақпаған азаматтың айыппұл төлеуге ақшасы болмаса, мақта теруге жібереді екен.

Тілшінің айтуынша, олардың әрқайсысына 40 келіден мақта теруді міндеттейді.

"Осылайша мақта алаңында ондаған адам мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жатыр. Оларды құл ретінде көреді. Оларға тіптен су ішуге де рұқсат бермейді", - дейді аймақтағы тілші.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейінкоронавирусты ащы сорпамен емдеуді ұсынған Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов пандемияның қаншалықты қауіпті екенін мойындаған болатын.

Сонымен қатар,Түркіменстан билігі республиканың Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізді. Енді "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879170-trkimenstanda-maska-takpagandardy-makta-teru-zmystaryna-salyp-kojgan/

pixel