jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Путинге ерекше сыйлық табыстады (фото)

    Тоқаев пен Путин
    Тоқаев пен Путин. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қос халықтың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

    Шоқан Уәлиханов — қазақ халқының тұңғыш ғалымы, этнограф және саяхатшы. Биыл Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толып отыр. Оның ғылыми және ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани дамуына зор әсер етті.

    Тоқаев Путинге сыйға тартқан сыйлық
    Тоқаев Путинге сыйға тартқан сыйлық. Фото: Ақорда

    Шоқан алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбы кадет корпусында білім нәрімен сусындады. Бұл оқу орнында ол орыс және батыс әдебиетімен, ғылыми жетістіктерімен танысып, бірнеше шет тілін меңгерді. Замандастары оның білімге деген ерекше құштарлығын және зеректігін атап өткен.

    Шоқан өз заманының әлеуметтік өзгерістерін терең түсінді. Халықтың білім мен ғылым арқылы өркениетке ұмтылуы — оның негізгі арманы болды.

    Еске салсақ, кеше, 25 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды. Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Украинадағы қақтығыстың "түсініксіз тұстары көп" екенін атап өтіп, оны тоқтатуды ұсынды. Ресей президенті Омбыда Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізіп, Өңіраралық форум екіжақты қарым-қатынастың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

    Тоқаев Путинге ерекше сыйлық табыстады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.