Бойы 10 жасында-ақ әкесінен әлдеқайда ұзын болған жігіт әлемді таңғалдырды
Жарияланған күні:
Пәкістанда бойы 231 см болатын Мудассир есімді жігіт тұрады. 10 жасында оның бойы тіпті, әкесінен ұзын болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.
Мудассирдің айтуынш, ата-анасы бойының ұзындығына алаңдаушылық білдірген.
"Мен мектепте және өңірдегі ең ұзын бала болдым. 10 жасымда бойым 182 см, ал орта мектепте 210 сантиметр болды. Менің бойым өсуін тоқтатпағандықтан ата-анам мен үшін қатты алаңдады. Олар менің неліктен бауырларымнан әлдеқайда ұзын екенімді түсіне алмады", - дейді ол.
2017 жылы ата-анасы Мудассирді дәрігерге апарған. Маман бойдың бұлай тез өсуі жас жігіттің гормоналды фонына байланысты екенін айтқан. Десе де, пәкістандық дәрігер бойдың өсе беруі жалғаса ма деген сауалға жауап бере алмаған. Әзірге Мудассирдің бойы 231 см, бірақ бұл Гуджардың өмірін едәуір қиындатуда.
"Қажетті аяқ киімнің мөлшерін табу мүмкін емес. Бәрін арнайы тапсырыспен жасату қажет. Киіммен де жағдай солай. Әуелі матасын алып, кейін тіккізуім қажет", - дейді Мудассир Гуджар.
Алайда бұл жігітке ыңғайсыздық тудыратын жалғыз нәрсе емес.
Daily Mail-дың хабарлауынша, бойының тым ұзын болуына байланысты жігіт көлік пен мотоцикл айдай алмайды. Салонға оның аяғы мүлде сыймайды екен. Дейтұрғанмен, Мудассир жағдайды жақсы жағынан сараулауға тырысады екен.
Айтуынша, Пәкістанда оны бәрі таниды және көрген сайын онымен естелікке суретке түсіп қалуға тырысады екен.
"Маған қарапайым адам үшін жеңіл болып келетін нәрсені жасау қиынға соғатын болар, бірақ менің бойым - Құдайдың сыйы, мен оған ризамын. Мен танымалмын. Маған өзгелердің көңіл бөлгені ұнайды", - дейді Мудассир.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бойы 208 сантиметр болатын 17 жастағы америкалық бойжеткеннің әлемдегі ең ұзын аяқтың иесі атанғанын хабарлаған едік.
Одан бөлек, әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879928-bojy-10-zasynda-ak-kesinen-ldekajda-zyn-bolgan-zigit-lemdi-tagaldyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.