jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келген бойжеткеннен жігіті қашып кетті

Дастархан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайда романтикалық алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келген бойжеткен сан соғып қалды. Бір топ шақырылмаған қонақты көрген жігіт кездесуден ізін суытқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы golos.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың Чжэцзян провинциясының тұрғыны Сяо Лю алғашқы кездесуде 23 туысын мейрамханаға ертіп келген ғашығынан қашып кетті.

Арудың туыстары жігіттің есебінен тамақтанамыз деген үмітпен мейрамханада ең қымбат тағамдарға тапсырыс береді.

Белгілі болғандай, 29 жастағы Сяо жұмысбастылықтан жеке өміріне уақыты болмай жалғыз жүрен екен. Бұған алаңдаған анасы арнайы компанияның көмегіне жүгініп, өзіне серік болар бойжеткенді табуға көмектесуін сұрапты.

Ақыры алғашқы кездесу күні белгіленіп, жігіт мейрамханада шотты өзі төлеуге уәде еткен. Алайда ол бойжеткеннің өзімен 23 туысын ертіп әкелетінін мүлде күтпеген.

Бірнеше үстелге жайғасқан жігіттің туыстары 20 мың юаньға (шамамен 3000 доллар) тапсырыс береді.

Басы бәлеге қалғанын ұққан Сяо Лю мейрамханадан ізін суытқан. Ол бойжеткеннің қоңырауына жауап бермей қойғандықтан, туыстары амалсыздан өз тапсырыстарына өздері төлеген.

Көп ұзамай жігіт бойжеткенмен байланысқа шығып, тағам төлемінің тек 600 долларын бере алатынын айтқан.

Айта кетерлігі, бұл жайтқа бойжеткеннің туыстары әбден ашуланған. Олар жігітті сараң деп бағалаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз экстремалды жағдайда ғашығына ұсыныс жасаған жігіт сәтсіздікке ұшырай жаздағанын жазған едік.

Одан бөлек, көңілдесінен бала тауып алған келіншек күйеуін алимент төлеуге мәжбүрлегенін жазған болатынбыз.

Алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келген бойжеткеннен жігіті қашып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.