Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айкезбе әпкесінің ұйқыда тесіліп қарағанына шошыған қыз жылап қалды (видео)

Опубликовано:

Аманда
Скриншот: 120.su

АҚШ-та 17 жастағы қыз айкезбе дертіне шалдыққан. Бойжеткен кезекті рет ұйқыға кеткен сәтінде сіңлісін әбден шошытады деп жазады 120.su.

Ұйқыда серуендейтін 17 жастағы АҚШ тұрғыны Аманда Анджело 16 жастағы сіңлісі Лексиді түнгі уақытта қатты қорқытып жібереді.

Себебі, айкезбе ару түнде ұйықтап жатып серуендеуден бөлек, сіңлісіне тесіле қарауды шығарған. Бойжеткен сіңлісінің төсегінің жанына жақындап, оған біраз уақыт бойы телміреді.

Лекси әпкесін оятуға тырысқанымен, Аманда оның айқайына еш мән берместен, тесіле қарауын жалғастыра береді.

Ақыры зәресі ұшқан Лекси жылап жіберіп, анасын көмекке шақыруға мәжбүр болады. Бойжеткеннің видеосын көргендер бұл жайттың расымен қорқынышты көрінетінен айтуда.

Айта кетсек, Ай толған кезде ұйқылы-ояу төсектен тұрып кететіндерді, сондай-ақ ұйқыда жатып сөйлейтіндерді "айкезбе" (лунатик) дейді. Медицина тілінде оны "сомнамбулизм" деп те атап жатады.

Бұл тылсым құбылысқа "Айдың тартылыс күші ықпал етеді" деген ұғым қалыптасқан. Мұндай симптомдар басталған жағдайда дереу тәжірибелі невропатологке барып көріну керек.

Еске салсақ, бұған дейін біз "кеселге толы 2020 жылдан" әбден мезі болған жұрт жаңа жылға дайындықты бастап кеткенін жазған едік.

Одан бөлек, бұрындары ешкім білмей келген адамның жаңа ағзасы табылғанын жазған болатынбыз.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа немесе жүрегі әлсіз адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881481-ajkezbe-pkesini-jkyda-tesilip-karaganyna-sosygan-kyz-zylap-kaldy-video/

pixel