Бұған дейін ешкім білмей келген адамның жаңа ағзасы табылды
Жарияланған күні:
300 жыл ішінде тұңғыш рет медицина саласының мамандары бұған дейін ешкім білмей келген жаңа адам ағзасын тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрын мұндай ағзаның адамда барын ешкім білмей келген. Нақтырақ айтсақ, үлкен сілекей бездерінің төртінші жұбы адам денесінен табылып отыр. Оларды ғалымдар tubarial деп атаған деп жазады Radiotherapy and Oncology басылымы.
Бездер бас сүйегінің геометриялық ортасында, оның түпкі жағына жақын орналасқан екен. Оның осылай терең орналасуы бездің әлі күнге дейін ғалымдардың көзінен таса қалуына себеп болып келіпті.
Жаңа ағзаның табылуына не себеп болды? Үлкен сілекей бездерінің төртінші жұбы мойын мен тамақ, сондай-ақ қуықасты безі мен уретрия қатерлі ісігі бар науқастарға радиациялық терапияның әсерін зерттеу кезінде анықталған деп жазады басылым.
Денедегі ісіктерді анықтау және көру үшін мамандар радиоактивті изотоптармен белгіленген глюкозаны қолданған. Олар глюкозаның тек ісіктермен ғана емес, сонымен қатар сілекей бездерінің төртінші жұбы болып шыққан ағзамен де жұтылатындығын анықтады.
Аталмыш ағза аңқа мен жұтқыншақтың майлануы мен қорғанысына жауап беретіні анықталды. Бұл 300 жылдағы алғашқы осындай жаңалық.
Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирустан көз жұму қаупін екі есеге арттыратын фактор анықталғанын жазған едік.
Одан бөлек, Ұлыбритания ғалымдары зерттеу жүргізе келе тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетіндер 15 жылға жас көрінетінін анықтағанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880695-bgan-dejin-eskim-bilmej-kelgen-adamny-zaa-agzasy-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.