Солтүстік Корея Ким Чен Ынға дейін: Туристерге толы елдің ескі суреттері
Жарияланған күні:
Солтүстік Кореяның Ким Чен Ын билікке келгенге дейінгі суреттері жария болды. Онда ел туристерге лық толы болғанын байқауға болады деп жазады bigpicture.ru.
Бүгінде Солтүстік Кореяға ең батыл туристер ғана барады. Ал 70-80 жылдары туристер демалу үшін жаппай Солтүстік Кореяға сапар шегетін. Сол жылдардағы жарнама плакаттарында жағажайда отырған, ойын-сауық саябақтарында серуендеген және жергілікті тағамдардан дәм татқан адамдардың суреттері көрсетілген.
Осындай фотосуреттермен Корея 70-80 жылдардағы шекаралас елдердің туристерін өз еліне шақыруға тырысқан.
Сонымен қатар, Корея туристерді елдегі сүйікті спорт түрі - волейболмен қызықтыруға тырысыпты.
Топтық гимнастика сабақтары да туристерді қызықтырудың тағы бір құралы болатын.
Вонсандағы жағажай.
Хамхындағы жағажай, Солтүстік Кореяның екінші үлкен қаласы.
Вонсандағы адамдар платформадан секіріп жатқан сәт.
Пхеньяндағы Ryanggang қонақ үйінің жанында әйел такси тоқтатады, 1986 жыл.
Отбасы ел астанасына жақын орналасқан Taesongsan аквапаркінде демалып жүр.
Taesongsan ойын-сауық паркі бүгінгі күнде де ашық. Көбі Пхеньянға баруды тіпті ойламайды, бірақ туризм маңызды табыс көзі болып қалғандықтан Ким Чен Ын белсенді түрде бұл өңірдегі туризмге қолдау көрсетеді.
Туристердің көпшілігі, әсіресе Батыс елдерінен Солтүстік Кореяға экскурсиялық сапармен барады және оларға астанадан шығуға сирек рұқсат етіледі. Туристердің қайда баратынын және нені суретке түсіретінін қатаң бақылайтын арнайы адам саяхатшылардың қасында жүреді.
Еске салсақ, бұған дейін біз қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызып жатқанын жазған едік.
Одан бөлек, әлемді аузына қаратқан Қытайдағы "жасыл үйден" тұрғындар не себепті безіп жатқанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881844-soltstik-korea-kim-cen-ynga-dejin-turisterge-toly-eldi-eski-suretteri/