jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Екінің бірі біле бермейтін сирек кездесетін бұйымдар

Бактерия
Фото: 4tololo.ru

Күнделікті өмірде сирек кездесетін және екінің бірі оның не екенін біле бермейтін сегіз затты 4tololo.ru сайты назарға ұсынды.

Егер сіз қызықты дүние тапқан болсаңыз, алайда оның не екенін білмесеңіз, Reddit сайтының "Бұл не нәрсе" деп аталатын айдарына ол заттың суретін жүктей аласыз.

Сізге әлем тұрғындары заттың атауын табуға көмек қолын созады. Аталмыш сайттағы сирек кездесетін заттар мен тіршілік иелерінің суретін назарға ұсынамыз.

Сұрақ: "Тынық мұхитының жағажайынан табылды, ол не?"

Балдыр
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл кезінде қызыл түсті болған балдырлар".

Сұрақ: "Көгалда өсіп шықты, бұл не?"

Саңырауқұлақ
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Сасық саңырауқұлақтар. Шыбындар оларды жақсы көреді".

Сұрақ: "Мұны жағажайда таптым. Мен тапқан ең қызықты нәрселердің бірі. Бұл не?"

Құрылғы
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл метеорологиялық құрылғының бөлігі, атап айтқанда ауа райы туралы ақпарат жинайтын радиозонд. Онда қоңырау шалуға болатын телефон нөмірі болуы керек".

Сұрақ: "Мұны дүкеннен таптым. 11 түсті, әр түс 2 данадан. Мұның не үшін екенін білуге ​​бола ма?"

Ойыншық
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл түсті Монтессори қорабы. Монтессори ойыншық қораптары кішкентай балаларға ойнауға және түстерді үйретуге арналған".

Сұрақ: "Жерде жатқан белгісіз зат. Бұл не?"

Бактерия
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл - носток. Носток - өсімдік бактерияларының колониясы. Олар топырақта, тұщы су қоймаларының түбінде, теңіздерде таралған".

Сұрақ: "Сіріңке қораптарынан анда-санда кездесетін біртүрлі металл кесінді. Бұл не?"

Сым
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл шамды жағуға арналған шырпыны ұзартқыш сым".

Сұрақ: "Ескі құрал-сайман сарайынан таптым. Швецияда жасалғаны ғана белгілі".

Сайман
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл төртбұрыш шегелерді жұлуға арналған сайман, әкемде 20 жыл бұрын осындай сайманы болған".

Сұрақ: "Бұл қаңырап қалған белгісіз ғимараттың бөлмесі. Маған біреу бұл ғимараттың неге арналғанын және төбеге ілулі тұрған нәрселердің не екенін айта ала ма?".

Бөлме
Фото: 4tololo.ru

Жауап: "Бұл кеншілердің киім ауыстыратын бөлмесі. Ілгектер мен себеттер жұмыс киімдерін көтеріп, келесі ауысымға шығатындарға заттардың кедергі келтірмеуіне жағдай жасайды.

Еске салсақ, бұған дейін көбі біле бермейтін он оғаш зат туралы жазған едік.

Одан бөлек, көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған болатынбыз.

Екінің бірі біле бермейтін сирек кездесетін бұйымдар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.