Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зауытта сүтке шомылғанымен мақтанған жігіттің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Зауыт қызметкері
Видеодан скриншот: Тикток

Түркиядағы сүт зауыттарының бірінде сүтке шомылғанымен мақтанбақ болған жігіт жұрттың ашуын келтірді деп жазады indianexpress.com.

Түркияның Конья провинциясындағы сүт зауытында болған бұл жайттың видеосы Тиктокта жария болып, артынша Twitter желісіне тарап кеткен.

Виедоны көрген жергілікті тұрғындар қатты ашуланып, тіпті жүректері көтерілгенін жасырмайды. Олар бұл жайттан кейін сүт ішуге батпайтындарын алға тартуда.

Кейін видеодағы азамат Эмре Саяр есімді зауыт қызметкері екені анықталған. Сүтке шомылуды оң санаған азамат көпшіліктің сынына ұшырап, артынша бұл мәселеге билік араласқан.

Олар зауытқа айыппұл салып, тіпті жауып тастаған. Ал видеодағы азамат пен оны видеоға түсіріп алған досы бүгінде қамауға алынған.

Еске салсақ, мұндай жағдай 2014 жылы Ресейде де орын алған еді. Омбыдағы сүт зауытының қызметкерлері өндіріс орнында сүтке шомылғаннан кейін бастары дауға қалған болатын.

Бұған әлеуметтік желі арқылы жұмысшылардың сүтке шомылған суретінің тарап кетуі себеп болған. Желіде тарап кеткен жиіркенішті суреттер тұрғындардың наразылығын туғызды.

Одан бөлек, Таиландта кофеге тапсырыс берген жігіт сусыннан тарақан тауып алып жағасын ұстаған еді. Кеңсе қызметкері жұмыс маңынан сатып алған кофесінен мұндай жәндіктің шығатынын мүлде күтпеген.

Өз есімін жарияламауды жөн санаған азамат ендігі көшеден сусын аларда жақсылап ойланатынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884291-zauytta-stke-somylganymen-maktangan-zigitti-basy-blege-kaldy-video/

pixel