Өткен-кеткенге үруді ұнататын азамат өзін ит санайтынын айтуда
Жарияланған күні:

Ұлыбританияда өзін адам емес, ит деп санайтын азамат тұрады. Ол өткен-кеткенге үріп, күн ұзаққа иттің костюмін киіп жүргенді жөн көреді екен деп жазады Daily Mail.
Ұлыбританияның Салфорд қаласында тұратын дүкен менеджері өзін адам қатарына жатқыза алмайтынын айтады.

37 жастағы Каз Джеймс достарына және жануарларға үреді, заттарды қолымен емес, тістерімен ұстағанды ұнатады және түскі асты ит ыдысынан ішеді.

Өзін ит деп санайтын азамат қарғыбау тағып, арнайы ит костюмін күні бойы киіп жүреді екен. Резеңкеден тігілген екі костюм үшін ол 400 фунт стерлинг жұмсаған. Ал оның өлшемдері бойынша Канадада тігілген костюмнің құны шамамен екі мың фунт тұрады.

“Мен өзімді ешқашан адам сияқты сезінбейтінмін. Әрқашан өзімді ит сияқты сезіндім", - дейді ол.

Ер адам өзін алты жасынан бастап итке ұқсатқанын алға тартты. Ол қызығушылықтарына ортақ адамдарды тапқанға дейін ешкімге өзін ит санайтынын айтпай келген екен.



Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған болатынбыз. Бойжеткен ернінің формасын сақтау үшін 21 екпе салдырған.
Сонымен қатар бойы 208 сантиметр болатын 17 жастағы америкалық бойжеткен әлемдегі ең ұзын аяқтың иесі атанып отырғанын жазған едік.
Туған кезде Мэйсидің бойы 48 сантиметр болған, бұл нәресте үшін қалыпты бой ұзындығы еді. Алайда 9 жасында оның бойы 170 сантиметрге бір-ақ жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884837-tken-ketkenge-rudi-natatyn-azamat-zin-it-sanajtynyn-mlimdedi-foto/