jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет: Білікті маман кеңес берді

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қажетсіз және қолданылмайтын қосымшалар смартфон жадын толтырып тастайды, сондықтай ай сайын оларды тазартып отыру қажет. Сонымен қатар бұлттағы (cloud) ақпаратты да тексеріп тұру керек, дейді Telecom daily ақпараттық-талдау агенттігінің директоры Денис Кусков. Бұл туралы "Прайм" агенттігі хабрдар етті.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта адамдар смартфонды қоңырау шалу, интернетке қосылу, фото түсіру және басқа да мақсатта қолданады. Көп адам ұялы телефонына 100-ге жуық қосымша жүктеп алады, алайда күніне соның ішінде он қосымшаны ғана пайдаланады, дейді білікті маман.

Кусков сондықтан телефондағы қосымшаларды тексеріп отыруды ұмытпауға шақырды. Егер кей қосымшаның қажеті жоқ екенін көрсеңіз, телефон жадын толтырады деген себеппен өшіріп тастаңы, деген кеңесін берді маман. Сонымен қатар олар үнемі жаңарып отырады, ал бұл интернет трафикті арттырады екен.

Одан бөлек, смартфон жылдам жұмыс істеуі үшін қолданбайтын қосымшалардағы Push хабарландыруды өшірген жөн. Сондай-ақ, қолданушының әрекетінен тыс өз бетінше келетін хабарламаларды да өшіріп қоюға болады.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, бұлтта (cloud) сақталатын ақпаратты, артық фотоларды да өшіріп отырған дұрыс. Өйткені белгілі бір көлемнен асқаннан кейін ол жердегі фото үшін ақша төлеу қажет болады екен. Артық ақпарат – артық шығын, дейді Кусков.

"Сонымен қатар мессенджерлер арқылы телефон жадына келетін барлық фотоны, мәтінді, видео мен аудионы сақтаудың қажеті жоқ. Телефонның параметрлерінде мұны айналып өтуге болатын батырма бар", - деді маман.

Оның сөзінше, сол арқылы бұлттағы ақпараттың көлемі артады және мессенджердің архивінде сақталып қалады. Екі жақта бір фотоның сақталмауы үшін қосымша параметрлерін өзгертіп қойған жөн.

Айта кетейік, осыған дейін ұялы телефондағы жаңғырықтың нені білдіретінін жазған болатынбыз.

Ресейлік "Инфосистемы Джет" орталығының желілік жобалар бөлімі бастығы Сергей Данилов жаңғырықтың екі түрі болатынын атап өтті – гибридтік және акустикалық.

Сондай-ақ ол жаңғырық телефон әңгімелерінің "тыңдалуын" білдіреді деген қауесетті жоққа шығарды.

Сондай-ақ бұған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.

Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде.

Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.

Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.

Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет: Білікті маман кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.