Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бет әлпетін шамамен 400 мың теңгеге сатқысы келетіндер көбейген (видео)

Опубликовано:

Маска
Скриншот: Viral Press

Жапонияда шынайы адамның бет жүзінен айнымайтын маска әзірлейтін компанияға түр әлпетін 98 000 иенаға (шамамен 400 мың теңге) сатуды қалайтындар күн санап көбейіп жатыр деп жазады Viral Press.

Жапонияның Токио қаласында ерекше маска сатылымға қойылуда. Kamenya Omoto атты компания ел назарына шынайы адамның келбетінен айнымайтын маскаларды назарға ұсынды.

Бір қызығы әзірге мұндай масканы сатып алушылардан гөрі бет-жүзінің көшірмесін маска әзірлеуге сатқысы келетіндердің қарасы басым болып шыққан.

Себебі, аталмыш компания сізге ұқсаған масканы әзірлеу үшін шамамен 400 мың теңгеге дейін (98000 иена) төлеуге әзір.

Осылайша, адамдардың бет-бейнесін сатып алып жатқан компания тек бір шарт қойып отыр, сіздің бет-жүзіңіз маскаға көшіру үшін ерекше әрі есте қаларлық болуы тиіс.

Одан бөлек, маска әзірлеуде көшірмелеуге рұқсат берген тұлға әр маска сатылымынан түскен пайданың бір бөлігін алып отырады.

Компания қызметкерлері өз келбетін сатқысы келетіндердің көп болып шыққанына таң қалғанын жасырмайды. Бүгінде компания дизайнерлері ең қызықты және есте қаларлық адамдарды таңдап, іріктеуге көшкен.

Еске салсақ, бұған дейін біз үйінің төбесіне метеорит құлаған көр қазушы кенеттен миллионерге айналғанын жазған едік.

Одан бөлек, көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886366-bet-lpetin-samamen-400-my-tegege-satkysy-keletinder-kbejgen-video/

pixel