Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінің төбесіне метеорит құлаған көр қазушы кенеттен миллионерге айналды (фото)

Опубликовано:

Метеорит
Фото: East News Press Agency

Индонезияда көр қазушы болып жұмыс істейтін азамат үйінің төбесіне құлаған метеоритті сатып, миллионер атанды деп жазады The Sun.

Солтүстік Суматраның тұрғыны Джошуа Хатагалунг көр қазушы болып жұмыс істейді. Жұмыс күндерінің бірінде ол біртүрлі дыбысты естіп, үйінің дірілдей бастағанын сезеді.

Метеорит
Фото: East News Press Agency

Бастапқыда 33 жастағы ер адам мұны жер сілкінісі деп ойлап қалған. Алайда оның дәл үйіне үлкен метеорит құлап түскен. Метеорит үйдің шатырын тесіп өткен.

Метеорит
Фото: East News Press Agency

Джошуа метеориттің алғашында ыстық болғанын айтады. Әйелі екеуі тастың суығанын күтіп, содан кейін оны кетпенмен қадалған жерінен шығарып алған.

Метеорит
Фото: East News Press Agency

Индонезиялықтың үйіне футбол добының көлеміндей метеорит құлап түскен екен. Ғарыш тасының салмағы - 2,2 келі. Метеорит өз кезегінде коллекционерлердің ерекше қызығушылығын тудырған.

Осыдан кейін Джошуа метеоритті АҚШ азаматына 1,4 миллион долларға сатып жіберген. Ақшаның бір бөлігіне шіркеу салып, балаларымен бірге уақыт өткізу үшін зейнетке шыққан.

Айта кетейік, Джошуаның үйіне түскен метеорит өте сирек кездесетін болып шыққан. Оның құрамында тіршіліктің пайда болуына қажетті аминқышқылдар мен заттар бары анықталған.

Еске салсақ, бұған дейін көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ тұрғыны небәрі 15 минут ішінде миллиардерге айналғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885602-jini-tbesine-meteorit-klagan-kr-kazusy-kenetten-millionerge-ajnaldy-foto/