RU

Ғалымдар еттен бас тартудың денсаулыққа зиян екенін айтып дабыл қақты

Ет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оксфорд университетінің ғалымдары ет жеуден бас тарту сүйектің сыну қаупін арттыратынын анықтады деп жазады ren.tv.

Ғалымдардың зерттеу нәтижелерін The Independent басылымы жария еткен. Зерттеуге 54 мыңнан астам ерікті, оның ішінде вегетариандар және ет немесе балық жейтін адамдар қатысты.

Зерттеуге қатысқан еріктілердің арасында 3941 сүйек сыну жағдайы тіркелген. Ғалымдар сүйек жарақаттарының пайда болуы мен еріктілердің тамақтануы арасында байланыс барын анықтады.

Вегетариандарда кальций мен ақуыздың мөлшері ағзаға тамақпен бірге жеткіліксіз мөлшерде түсетін болып шықты. Бұл заттардың ағзада жеткіліксіз болуы сүйектің сынғыштығына әкеліп соқтырады екен.

Сонымен қатар, зерттеушілер вегетариандар мен ет орнына балық жейтін адамдардың жамбас сүйектерінің сыну қаупі ет жейтіндерге қарағанда жоғары деген қорытындыға келді.

Зерттеуге қатысқан вегетариандардың денінде салмақ индексі де төмен болатыны байқалған.

Еске салсақ, бұған дейін атақты педиатр және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирусты жұқтырмаудың тиімді әдісі туралы айтқанын жазған едік.

Одан бөлек, ғалымдар кейбір адамдардың жаурағыш болуының себебін анықтағанын жазған болатынбыз. Британдық Ланкастер университетінің мамандары аяз болмаса да үнемі тоңып жүретін адамдардың денсаулығында кінәрат болуы мүмкін екенін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886381-galymdar-etten-bas-tartudy-densaulykka-zian-ekenin-ajtyp-dabyl-kakty/