Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқайлап бар ашуыңызды шығаруға мүмкіндік беретін сенім телефоны іске қосылды

Опубликовано:

Телефон тұтқасы
Көрнекі сурет: uainfo.org

АҚШ-та коронавирустан және жалпы өзге де жағымсыз жайттардан әбден күйзелген жандарға арналған сенім телефоны іске қосылды. Онда сіз бар аушыңызды шығарып, айқайлап алуыңызға болады деп жазады uainfo.org.

2020 жыл сіздің көңіліңізді әбден қалдырды ма? Бітпейтін карантиннен және жағымсыз жаңалықтардан шаршадыңыз ба? Онда АҚШ тұрғыны ұсынған сенім телефоны сізге көмекші болмақ. Себебі, онда жақсылап тұрып телефон тұтқасына айқайлап алуға мүмкіндік беріледі.

Жағымсыз эмоциялардың ауыртпалығынан арылғысы келетін кез келген адам сенім телефонының арнайы нөміріне қоңырау шалып, жай ғана телефон тұтқасына бар күшімен айқайлай алады. Ал justscream.baby веб-сайтында сіз өзіңіздің және өзгелердің айқайын қайта тыңдау мүмкіндігіне ие боласыз.

Жоба авторы Крис Голлмар сенім телефонын қалай пайдалану керектігін жақсылап түсіндіріп берді. Бірінші қадам - қоңырау шалыңыз. Алаңдамаңыз, тұтқаның екінші жағында сізді естіп тұрған адам жоқ. Екінші қадам - телефон гудогын күтіңіз және содан кейін іштегі бар ашуыңызды шығарып, айқайлаңыз. Артынша, тұтқаны қойыңыз, бар болғаны сол.

Сенім телефоны 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін жұмыс істейтіні белгілі болды.

Жобаны ұсынғандар, осылайша күйзелісте жүрген адамдар сәл болса да эмоциясын сыртқа шығарып, жеңілдеп қалады деген үмітте.

Еске салсақ, бұған дейін Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынғанын жазған едік.

Одан бөлек, 2020 жылдан әбден мезі болған жұрт жаңа жылға дайындықты қазан айында бастап кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886416-ajkajlap-bar-asuyyzdy-sygaruga-mmkindik-beretin-senim-telefony-iske-kosyldy/

pixel