Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа қандай зияны бар

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Дублин қаласындағы Тринити колледжінің мамандары қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зиянын анықтады деп жазады The Daily Mail басылымы.

Ғалымдар коронавирус пандемиясының кезінде үй-жайда жұмыс істегендердің денсаулығы нашарлағанын, атап айтқанда, тамақ ауруы жиілегенін анықтаған.

Себебі қызметкерлер дауысы естілу үшін онлайн-конференцияда барынша қаттырақ сөйлеуге тырысады екен. Зерттеу жұмысы барысында бақылауға алынған 1575 адамның 571-і тамағы ауырғанын айтыпты. Кейбірі пандемия кезінде басталса, енді бірі оған дейін басталған.

Калифорниядағы Кремний аңғарының қызметкерлері де үйде жұмыс істегенге шағымданып, денсаулығының нашарлап кеткенін жариялаған болатын. Олардың сөздерінше, үйде жатып жұмыс істеу адамды шаршатады, көңіл-күйін түсіреді екен.

Сонымен қатар Facebook қызметкерлерінің 81 пайызы, Google қызметкерлерінің 79 пайызы үйде жұмыс істеуге қарсы болған көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар адам не себепті күніне 10 мың қадам жүруі керек деген сауалға жауап берген еді.

Одан бөлек, Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынған болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886947-kasyktan-zmys-isteudi-densaulykka-kandaj-ziany-bar/

pixel