Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сингапурда келіншек COVID-19-ға қарсы антиденесі бар баланы өмірге әкелді

Опубликовано:

нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Сингапурда аяғы ауыр әйел коронавирусқа қарсы антиденесі бар баланы өмірге әкелді. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл елде ресми түрде тіркелген алғашқы жағдай деп хабарлайды РБК.

Бұл туралы жергілікті The Straits Times газеті жазған. 31 жастағы Селин Нг-Чанға жүктіліктің оныншы аптасында COVID-19 диагнозы қойылған. 7 қарашада келіншек Олдрин есімді ұл баланы дүниеге әкелген. Нәрестенің ағзасында коронавирусқа қарсы антидене болған.

Педиатр сәбидің анасында SARS-CoV-2 вирусына қарсы антидене жоқ екенін хабарлаған. Дәрігерлер антидене жаңа туған сәбиге берілуі мүмкін деп болжап отыр. Ақ халаттылардың ойынша, енді Олдринде корнавирусқа қарсы иммунитет бар.

Басылымның дерегінше, Нг-Чанның ұлы антиденемен туған алғашқы бала.

Алайда басылым жүктіліктің 36 аптасында ауру жұқтырған Наташа Линг есімді әйелдің бар екенін айтты. Сәуір айының соңында ол босанған. Дәл сол нәресте Сингапурда антиденемен туған алғашқы сәби болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, АҚШ-тағы Ла Хойя иммунология институтының мамандары бірнеше ай зерттеу жүргізіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың ағзасында иммунитет сегіз ай немесе одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін анықтаған еді.

Сонымен бірге Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитет бұған дейін бұл дертпен ауырмаған науқастардың ағзасында да қалыптасуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Зерттеу қорытындысы Science порталында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887078-singapurde-kelinsek-covid-19-ga-karsy-antidenesi-bar-balany-mirge-keldi/

pixel