RU

Неге барлық адам коронавирус жұқтырмайды: Белгілі ғалым түсіндіріп берді

ФОто
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус инфекциясынан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов. Бұл туралы білікті маман Московский комсомолец басылымына берген сұқбатында айтып берді.

Ивановтың сөзінше, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен тығыз қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды екен.

Маман осындай жағдайлар кездескенін алға тартты.

"Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - дейді Иванов.

Маман Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келгенін атап өтті.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді Иванов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Сингапурда аяғы ауыр әйел коронавирусқа қарсы антиденесі бар баланы өмірге алып келгенін жазған едік. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл елде ресми түрде тіркелген алғашқы жағдай болып табылады.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы Ла Хойя иммунология институтының мамандары бірнеше ай зерттеу жүргізіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың ағзасында иммунитет сегіз ай немесе одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін анықтаған еді.

Одан бөлек Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитет бұған дейін бұл дертпен ауырмаған науқастардың ағзасында да қалыптасуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Зерттеу қорытындысы Science порталында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887188-nege-barlyk-adam-koronavirus-zktyrmajdy-belgili-galym-tsindirip-berdi/