Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суретке түскенді ұнататын": Телефонын ваннаға түсіріп алған модель көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейдің Архангельск қаласында 24 жастағы қыз ваннаға түсіп жатқанда көз жұмды. Бойжеткен абайсызда телефонын суға түсіріп алған деп жазады "Комсомольская правда" басылымы.

Басылым мәліметінше, үнемі өзін селфиге түсіріп жүретін Олеся ұялы телефонынан бір елі ажырамаған көрінеді.

Ол жергілікті салондардың бірінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істеген, осылайша киімдерге жарнама жасаған.

Олеся әлеуметтік желіге күніне бірнеше рет фото жариялап отырған.

Марқұмның көршісі басылымға Олесяның көз жұмғанын растаған. Оның сөзінше, оқыс оқиға қыздың отбасы үшін ауыр соққы болған.

"Анасы қайғыдан қан жұтып отыр. Бізге бұл туралы пікір білдіру оңай емес, кешіріңіздер", - дейді Олесяның туыстары.

Ресейдің Архангельск облысы бойынша тергеу комитеті аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Әзірге ваннаға телефонның түсіп кетуі өлімнің негізгі себебі ретінде қарастырылуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында телефонын қуаттамақ болған 15 жастағы жасөспірім қыз көз жұмған еді.

Полицияның мәліметінше, оқушының ұялы телефоны электр қуатына қосулы тұрған. Телефон арқылы қызды тоқ ұрған.

Кейін жасөспірімнің жақындары қайғылы жағдайдың егжей-тегжейін айтып берген болатын.

Белгілі болғандай ол смартфонын тоқ көзіне қосқан күйі сыныптасымен сөйлесіп жатқан екен. Кенет тоқ соғып, сол жерде қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888613-suretke-tskendi-natatyn-telefonyn-vannaga-tsirip-algan-model-kz-zmdy/

pixel