Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашуға булыққан әйел өзіне 8 жыл бойы үйленбей қойған жігітін сотқа берді

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі фото: pexels.com

Замбия тұрғыны жігітіне тұрмысқа шығу үшін оның ұсыныс жасауын сегіз жыл бойы сарғайып күткеніне ашуланып, ғашығын сотқа берді деп хабарлайды world.fakty.ua.

Гертруда Нгома есімді әйел ғашығы Герберта Салаликимен сегіз жыл бойы жақын қарым-қатынаста болған деп жазады Tuko.

Сегіз жыл ішінде қос ғашықтың ортақ ұлы да дүниеге келіпті. Алайда жылдар бойы үйленуді тек сөз жүзінде уәде етіп, іс жүзінде некеден қашып жүрген азаматтан әбден шаршаған Гертруда ақыры оны сотқа берген.

Гертруда сөзінде тұрмаған ғашығын түрмеге қамауды соттан сұраған. Ол осылайша Гербертадан болашаққа жоспарын нақтылап, темір торда жақсылап ойлануын талап еткен.

"Ешқашан сөзінде тұрған емес, сол себепті, мен оны сотқа бердім, Мені алда не күтіп тұрғанын білуге ​​лайықпын", - деп ашуланды әйел.

Өз кезегінде Герберт үйлену тойына ақшасы жоқтығын алға тартқан. Сондай-ақ ол сотта сүйіктісінің оған жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін айтып, бұл оның үйленуге асықпауының тағы бір себебі болғанын сөз етті.

Алайда ерлі-зайыптылар заңды түрде некеге тұрмағандықтан, сот оларға дауын шешуге көмектесе алмаған. Мәселені сот жүйесінен тыс жерде шешуге ғана кеңес берілген.

Сот мәселені өздері шешкен әлдеқайда тиімді әрі жылдам болатынына баса назар аударған.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде сүйіктісінің ұрысынан мезі болған жігіт оны қоқыс жәшігіне лақтыра салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888710-asuga-bulykkan-jel-zine-8-zyl-bojy-jlenbej-kojgan-zigitin-sotka-berdi/

pixel