Табыт түріндегі оғаш көлік сатылымға шығарылды
Опубликовано:

Аляскада тұратын азамат табыт түріндегі оғаш көлік түрін ойлап тапты деп жазады newsyou.info.
АҚШ-тың ең ірі штаттарының бірі Аляскада тұратын ер адам ерекше көлік құралын ойлап тапты.

Бұл көліктің пішіні табытты еске түсіреді.

Өнертапқыштың айтуынша, "табыт-көлік" сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен жүйтки алады.

Көлік аукционға сатылымға шығарылған. Нәтижесінде қалталы азаматтардың бірі оны аукционда 6000 долларға сатып алуды ұйғарыпты.



Еске салсақ, бұған дейін бетперде тақпайтындармен күрес бастаған АҚШ тұрғынының оларға арнайы қару ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Жас жігіт оқтың орнына бетпердемен ататын қару түрін құрастырып шыққан. Алайда Аллен қаруды ешкімге кеземейтінін алға тартты. Тек осылайша бұл мәселеге жұрттың назарын аударуды көздепті.
Одан бөлек, ШҚО-да туған танымал продюсер баласына оғаш есім ойлап тапқанын жазған едік. Ресейлік продюсер Бари Алибасов дүние есігін әлі ашпаған баласына ұл болған жағдайда Ковид есімін бермек. Ал егер қыз бала дүниеге келсе, перзентіне Пандемия деген есім беретінін мәлімдеді.
Сонымен қатар коронавирустан тойына қонақ шақыра алмаған жас жұбайлар той жасаудың ерекше тәсілін қолданғанын жазғанбыз. Жас жұбайлар тойына 50 қонақтың орнына олардың картон қағазға жапсырылған суреттерін қатыстырыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889046-tabyt-trindegi-ogas-klik-satylymga-sygaryldy/