Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ковид немесе Пандемия: ШҚО-да туған танымал продюсер баласына оғаш есім бермек

Опубликовано:

Бари Алибасов
Бари Алибасов. Фото: Anatoly Lomokhov/Global Look Press

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген танымал ресейлік продюсер Бари Алибасов дүние есігін әлі ашпаған баласына оғаш есім беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы продюсердің PR-директоры Вадим Горжанкин мәлімдеді деп жазады ren.tv.

Ол баласының жынысы әзірге белгісіз екенін атап өтті. Алибасов ұл туылса, оған Ковид есімін бермек. Ал егер қыз бала дүниеге келсе, перзентіне Пандемия деген есім беретінін мәлімдеді.

"Алибасовтың көмекшісі, суретші әрі биші Виктория Полторацкая жүктіліктің 6 аптасында. Ол, әрине, құрсағындағы баласына Ковид немесе Пандемия деген есім беру ұсынысына таң қалды, бірақ бас тартпады. Ол тек ойлануға уақыт беруін сұрады", - деді Горжанкин.

Продюсердің PR-директоры атап өткендей, бұл атауды таңдау кездейсоқ болған жоқ.

"Атақты продюсер көптеген әртістермен салыстырғанда, тіпті коронавирус пандемиясынан да жаңа жолдар мен мүмкіндіктерді көреді. Әйтпесе, ол бәріміз білетін және жақсы көретін Бари Алибасов болмас еді", - деді Горжанкин.

"На-На", "Интеграл" топтарына продюсерлік еткен Бари Алибасовтан көмекшісі Виктория Полторацкая нәресте күтіп отырғаны көпшілікке жақында белгілі болған еді. Продюсердің жаңа сүйіктісі жүктіліктің алтыншы аптасында.

Еске салсақ, бұған дейін біз Мейрамбек Беспаев пен жары Мархабат Ернар Айдардың перзентіне кіндік әке-шеше атанғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қайрат Әділгерей әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885958-kovid-nemese-pandemia-sko-da-tugan-tanymal-produser-balasyna-ogas-esim-bermek/

pixel