Ғалымдар өмір жасын ұзартатын әрекетті анықтады

Опубликовано:

Бақыт
Фото: pixabay.com

Ұлыбританиялық ғалымдар ән салу адамның өмір жасын ұзартады деген тоқтамға келді деп жазады ren.tv.

Ұлыбританияның Йель университетінің ғалымдары Гарвардтағы әріптестерімен бірге зерттеу жүргізіп, күтпеген мәлімдеме жасады.

Зерттеушілер ән салу адамның өмірін ұзартады деген қорытындыға келген.

Ән шырқау адамның психикалық және физикалық жағдайын жақсартып, өмірін қызықты әрі толыққанды етуге мүмкіндік береді екен.

Сондықтан үнемі көңіл-күйі болмай жүретін адамдармен салыстырғанда, ән салып, көңілді жүретін адамдар ұзағырақ өмір сүретін көрінеді.

"Адам өзінің сүйікті әндерін айтқан кезде оның денесінде эндорфиндер бөлінеді. Бұл көңіл-күйді жақсартады және адамдар өздерін бақытты сезінеді", - дейді ғалымдар.

Ғалымдар сонымен қатар ән айту деменция мен Альцгеймер дертіне шалдығу қаупін төмендететінін атап өтті.

Жалпы алғанда, ән салу миға көбірек оттегінің жеткізілуіне себепші болып, денсаулыққа оң әсер етеді екен.

Сондай-ақ ән айту қан қысымын төмендетуге және күйзеліс белгілерін болдырмауға немесе жоюға көмектеседі дейді зерттеушілер.

Ғалымдар адамдардың вокалдық қабілеті ән айтудың денсаулыққа тигізер пайдасына еш қатысы жоқтығын да анықтаған.

Демек, ғажайып даусыңыз болмаса да, арасында өзіңіз үшін ән салып тұруға болады деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890093-galymdar-mir-zasyn-zartatyn-reketti-anyktady/