Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шынайы нәрестеден ажырату қиын: Иранда жаңа қуыршақтар сұранысқа ие болуда

Опубликовано:

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

Иранда шынайы баладан ажырату мүмкін емес қуыршақтар сұранысқа ие болуда. Әсіресе нәрестелі болуды армандайтындар бұл қуыршақтарға ерекше қызығушылық танытқан деп жазады lenta.ru.

Көптеген ирандық отбасылар үшін бала сүю мәселесі өзекті болып отыр. Балалы болуды немесе бірнеше баласы болғанын қалайтын ерлі-зайыптылар тегерандық Мариам Агаи жасаған ерекше қуыршақтардан жұбаныш іздейді.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

Бірі қуыршақты өздері үшін алса, енді бірі үйдің жалғызы болып отырған баласына ойыншық ретінде сатып алуда.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

Сатып алушылар арасында құрсағындағы нәрестесінен айырылған аналар, сондай-ақ жүкті бола алмай жүрген әйелдер бар.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

Фотограф Маджид Асгарипур шынайы нәрестеден ажырату қиын қуыршақтарды жасайтын қолөнер шебері мен оның клиенттерімен кездесіп, оларды суретке түсірген.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

24 жастағы Мариам Агаи бұл қолөнер түрімен үш-төрт ай бұрын ғана айналыса бастаған екен. Көп ұзамай қуыршаққа сұраныс көптігін байқаған Мариам тапсырыс бойынша қуыршақ жасауды кәсібіне айналдырған.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

"Сатып алушылардың дені жалғыз баласы бар отбасылар. Олар інісі немесе сіңлісі болғанын қалайтын балаларға осындай сыйлық жасап жатады", - деп түсіндірді ол.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

Моджагн Забхипур есімді сатып алушылардың бірі жалғыз қызына қуыршақты сатып алған. Қызы анасынан тағы бір баланы дүниеге әкелуді бірнеше рет сұраған екен.

"Қуыршақты құшақтағанда ерекше сезімге бөленесің. Шынайы нәрестені құшаққа алғандай боласың. Қызымның сәби кезін бірден есіме салды", - деп әсерімен бөлісті Моджагн Забхипур.

Қуыршақ
Фото: Majid Asgaripour/WANA

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Иранда халықтың өсімі айтарлықтай төмендеп, жылына бір пайыздан сәл ғана асқан.

Бұлай жалғаса берсе, онда Иран алдағы 30 жылда егде жастағы тұрғындар саны басым елдердің көшін бастауы ғажап емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890309-synajy-nresteden-azyratu-kiyn-lemde-zaa-kuyrsaktar-sranyska-ie-boluda/

pixel