Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылда еркектерге қандай сыйлық жасамаған жөн: Маманның кеңесі

Опубликовано:

Сыйлықтар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әдеп және іскерлік хаттама бойынша кеңесші Татьяна Николаева ерлерге қандай сыйлықтар ұсынбаған жөн екенін айтып берді деп жазады ren.tv.

Николаеваның айтуынша, ер адамға шұлық пен іш киімді сыйламаған дұрыс.

Маман мұндай сыйлықтарды тек өте жақын адамға ғана сыйлауға болатынын атап өтті.

Ол сондай-ақ бейтаныс ер адамдарға қырынуға арналған заттарды сыйламау керектігін ескертті.

Сонымен қатар іскер серіктестерге галстук сыйлыққа ұсынылса, этикет ережелері өрескел бұзылуы мүмкін екенін айтады.

"Мұндай сыйлықты жақын адамға тек оның талғамынан жақсы хабардар болған жағдайда ғана беруге болады", - дейді Әдеп және іскерлік хаттама бойынша кеңесші Татьяна Николаева.

Маман кітаптың да айтарлықтай сәтті сыйлық болмауы мүмкін екендігін алға тартты. Айтуынша, мұндай сыйлықты ұсынушы кітапты толықтай өзі оқып шығып, оқуға тұрарлық екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана өзгеге тарту еткені абзал.

Сарапшы арзан алкогольді сусын сыйлау да қажеті жоқ екенін айта кетті. Оның бағасы кем дегенде орташа немесе орташадан жоғары болуы керек. Олай болмаған жағдайда мұндай сыйлық жасаудан бас тартқан абзал.

Қарапайым кәдесыйлар мен пакетке салынған сыйлықтар да кей ер адамдардың көңілінен шықпауы мүмкін деп толықтырды кеңесші.

Сол себепті, біреуді шынайы қуантуды қаласаңыз, сыйлықты мұқият таңдаған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890350-zaa-zylda-erkekterge-kandaj-syjlyk-zasamagan-zn-mamanny-keesi/

pixel