Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Масктың Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық туралы айтқаны рас па

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Maja Hitij/Getty Images

Әлеуметтік желіде Илонға Маск айтты деген дәйексөз тарады. Онда өнертапқыш Қазақстандағы өте күрделі сыбайлас жемқорлық схемалары барын, оларды ақыры түсіне алмағанын жеткізгені, тіпті оларды "өнер"деп те атағаны келтірілген. Алайда бұл сөздерді Масктың айтқанының ешбір дәлелі жоқ деп хабарлайды Stopfake.kz.

Желіде кәсіпкердің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық туралы бұрын-соңды жария сөйлегені туралы ешбір дерек жоқ.

Скриншот
Скриншот: Stopfake.kz

"Керісінше, Илон Маск біздің елмен ынтымақтастық орнатуға дайын. Мысалы, 2017 жылы Алматыда Tesla автокөліктеріне арналған алғашқы электр станциясы (супречарджер) ашылды. Кейін ол өрт салдарынан зардап шекті. Бірақ 2019 жылы Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында қазақстандықтар үшін Tesla сервистік орталықтарына арналған жаңа станциялар мен жабдықтарды салуға ниетті екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Маск 2019 жылы наурыз айында Tesla Model Y таныстыру кезінде Қазақстан туралы айтқан.

"Шын мәнінде, Қазақстан бізге үлкен қолдау көрсетеді. Біз Қазақстанда суперчарджерлер саламыз. Иә-иә, дұрыс естідіңіздер", – деді ол залдан "Қазақстан»"деп айқайлағаннан кейін.

Илон Масктың Twitter-дегі ресми аккаунтында біздің елге қатысты басқа ештеңе жоқ.

Интернеттегі басқа да ашық дереккөздерде де Қазақстан туралы жағымсыз пікірлер жазылмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін SpaceX бас директоры Илон Маск 2026 жылы өзінің компаниясы Марсқа адамдарды жібереді деп мәлімдеме жасаған еді.

Миллиардердің сөзінше, мақсаты шамамен алты жылдан соң орындалады.

"Егер біздің жолымыз болса, төрт жылдан кейін болуы мүмкін. Біз екі жылдан соң онда ұшқышсыз басқарылатын кеме жібергіміз келеді", - дейді миллиардер Берлинде өткен Аксель-Шпрингер марапатын табыстау салтанатында.

Айта кетейік, 16 қарашада Tesla компаниясының акциялары сауда-саттық аяқталғаннан кейін 15%-ға өскен. Ал 17 қарашада акциялар 8,2%-ға өсіп, нәтижесінде Илон Масктың байлығы 7,6 млрд долларға артып, 109,7 миллиард долларға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890628-ilon-maskty-kazakstandagy-sybajlas-zemkorlyk-turaly-ajtkany-ras-pa/

pixel