Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақылдап жұрттың мазасын алған бақалар сотта "жауапқа тартылды"

Опубликовано:

Бақа
Көрнекі фото: pixabay.com

Франция соты бақылдап жұрттың мазасын алған бақалардың ісін қарап, шешім шығарды деп хабарлайды "Эксперт" порталы.

Бұрын-соңды болмаған сот отырысы Францияның Гриньоль ауылында өткен. Анни және Мишель Пешр есімді тұрғындардың ауласында орналасқан тоған жұрттың мазасын әбден қашырған.

Соңғы тоғыз жыл бойы бақалардың шулағанына шыдап келген Мишельдің көршілерінің бірі Жан-Луи Мальфьон ақыры оларды сотқа беруді ұйғарады.

Ол сотта бақалардың жұптасу маусымы кезінде 63 децибелге дейін жететін бақылдауынан әбден мезі болғанын алға тартқан.

Бастапқыда Мальфьон тоғанға еш қарсылығы болмағанын, алайда бақалардың кесірінен ашық тереземен ұйықтаудан қалғанын айтуда.

2020 жылы ұзаққа созылған сот процесінде Мальфьон жеңіске жетіп, сот Пешрды тоғанды ​​құрғатуға міндеттеді. Мұны ерлі-зайыптыларға 90 күн ішінде жасау керек, содан кейін олар мерзімі өткен әр күн үшін 150 еуро айыппұл төлейді.

12 жыл бойы тоғанды паналаған бақаларға енді басқа жерде мекендеуге тура келеді.

Арызқой көршісінен көңілі қалған Пешр тоғанды ​​құрғатуға кірісті. Олармен бірге экологтар да Мальфьонға ренжулі отыр - олардың айтуы бойынша тоғанда бақалардың кем дегенде алты түрі өмір сүруде, олардың бірқатары қорғауға алынған. Десе де бақалардың әлі де өз ортасын сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Себебі, Пешр тоғанды сақтау үшін петиция әзірлеуде. Қазіргі уақытта 95 мыңнан астам адам петицияға қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891652-bakyldap-zrtty-mazasyn-algan-bakalar-sotta-zauapka-tartyldy/

pixel