jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

2020 жылдың ең әдемі әйелі кім екені белгілі болды

Яэль Шелбиа
Яэль Шелбиа. Фото: instagram.com/yaelshelbia

Израиль моделі әрі актрисасы Яэль Шелбиа (Yael Shelbia) әлемдегі бет-келбеті ең әдемі әйел атанды деп хабарлайды Lenta.ru.

Жер бетінің ең сұлулары жазылған тізім TC Candler YouTube арнасында жарияланған. Мұнда жыл сайын Independent Critics рейтингі - ғаламшардың ең тартымды 100 адамының тізімі жарияланды.

19 жастағы израильдік ару тай әншісі Лиса Манобанды, австралиялық модель Мейка Вуллардты және тайвань әншісі Чжоу Цзыюйды басып озып, алғаш рет көш бастаған.

Шелбия бұған дейін де ең әдемі әйелдер тізіміне енген. Мәселен, 2017 жылы 14 орын, 2018 жылы үшінші орын, 2019 жылы екінші орын алған.

Модель өз жеңісі туралы Instagram парақшасында хабарлап үлгерген. Желі қолданушылары израильдік аруға жарыса пікір жазып, оны жеңісімен құттықтаған.

Еске сала кетсек, TC Candler платформасы 2020 жылдың ең сымбатты жігіттерін анықтап, олардың тізімін көпшілік назарына ұсынғанын жазған едік.

Сымбатты ерлер арасында рейтингті қытайлық актер әрі әнші Сяо Чжань бастаған болатын.

2020 жылдың ең әдемі әйелі кім екені белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.