2020 жылдың ең сымбатты он жігітін білесіз бе
Жарияланған күні:
TC Candler платформасы 2020 жылдың ең сымбатты жігіттерін анықтап, олардың тізімін көпшілік назарына ұсынды деп жазады twizz.ru.
TC Candler платформасы әлемдегі ең сымбатты 100 адамның тізімін жариялады. Бұл рейтинг 1990 жылдан бері жасалып келеді және әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі болып табылады.
Компания мамандары сымбатты ер адамдардың рейтингін жасауда үш көрсеткішке баса назар аударған:
1) 50% - бет симметриясы (бұл көрсеткішті анықтауға Лос-Анджелестен 3 жетекші косметикалық хирург мамандары қатысқан).
2) 30% - халықтың дауысы. Яғни көпшілік тізімдегілердің сымбатына баға берген.
3) 20% - сұлулықтың жалпы әлемдік стандарттары (дене бітімі, харизма, интеллект және т.б.).
Сонымен, TC Candler платформасы бойынша 2020 жылғы ең сымбатты ерлердің ондығына кімдер енді?
10 орын: Том Круз. Актер, АҚШ, 58 жаста.
9 орын: Ким Сокджин. Әнші, BTS тобының мүшесі, Оңтүстік Корея, 28 жаста.
8 орын: Гарри Стайлс. Әнші, актер, Ұлыбритания, 26 жаста.
7 орын: Сехун. Әнші әрі биші, Оңтүстік Корея, 26 жаста.
6 орын: Леонардо Ди Каприо. Актер, АҚШ, 46 жаста.
5 орын: Джонни Депп. Актер, АҚШ, 57 жаста.
4 орын: Крис Хемсворт. Актер, Австралия, 37 жаста.
3 орын: Шахрух Хан. Актер, Үндістан, 55 жаста.
2 орын: Ким Тэхен. Әнші, BTS жігіттер тобының мүшесі, Оңтүстік Корея, 24 жаста.
1 орын: Сяо Чжань. Актер әрі әнші, Қытай, 29 жаста.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891489-2020-zyldy-e-symbatty-on-zigitin-bilesiz-be/