RU

Жігітіне лоторея билетін сыйлаған ару ұтыстың бір бөлігін талап етті

Лоторея
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда Рождество қарсаңында жігітіне лоторея билетін сыйға тартқан қыз ұтыстың бір бөлігін талап етті деп жазады Lenta.ru.

Жас жігіттің әпкесі Instagram желісіндегі Money Saving Expert парақшасында көпшіліктің пікірін сұраған.

Оның сөзінше, інісінің сүйіктісі Рождество қарсаңында лотерея билетін сыйға тартыпты. Нәтижесінде жас жігіт Ұлттық лотореядан 500 фунт стерлинг (285 мың теңгеге жуық) ұтып алған. Мұны білген бойжеткен жігітінен ұтыстың бір бөлігін талап еткен.

Көпшіліктен кеңес сұраған жігіттің әпкесінің ойынша, лоторея билеті сыйлық болғандықтан, ол ақшаны бөлісуге міндетті емес.

Осы ретте желі қолданушыларының да пікірі екіге бөлінген. Олардың бірі ақшаны бөліспеу керек десе, енді бірі сүйіктісіне қамқор болып, ақша беруі керектігін айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Американың Солтүстік Миртл-Бич (Оңтүстік Каролина) қаласының тұрғыны 10 долларға билет сатып алып, 750 мың долларлық ұтысқа ие болғанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, 20 жыл бойы лотореяға сеніп келген зейнеткердің ақыры қыруар ақша ұтып алғанын жазған едік.

АҚШ-тың Флорида штаты Веро Бич қаласында тұратын Джеймс Дипполд есімді зейнеткер 20 жыл бойы Powerball лотореясының билеттерін сатып алып келген.

Ол жеңетініне сенгені соншалықты осы уақыт ішінде лотореяға тек бір санды ғана қайта-қайта енгізіп келіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893095-zigitine-lotorea-biletin-syjlagan-kyz-tysty-bir-bligin-talap-etti/