Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда дүкеннен "мұз кәмпит" сатып алған әйелдің аузы күйіп, тісі сынып қалды

Опубликовано:

Кәмпит
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда дүкеннен сатып алған кәмпиттерді жеген әйелдің ауыз қуысы мен ерні күйіп, тісі сынып қалды деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Лиза Бутройд есімді келіншек дүкенде тәттілердің жанындағы сөреде тұрған ұсақ тастар секілді жарылғыш зат салынған қорапты сатып алған.

Үйіне келген Лиза "мұз кәмпиттің" дәмін татып көрмек болыпты. Алайда тәттілер келіншектің аузында жарылып, оның ауыз қуысы мен ернін күйік шалып, тісін сындыра бастаған.

Лиза бірнеше апта бойы аузы жанып жатқан секілді күй кешіп, тіпті тамақ іше алмай, ұйқыдан қалған. Тек бір айдан кейін ғана күйігі жазылған. Ол осы уақыт аралығында үнемі ауырсынуды басатын дәрі қабылдап келген.

Келіншектің сөзінше, егер ол "мұз кәмпитті" баласына бергенде ол да жарақат алуы мүмкін еді.

Ал дүкендер желісі болса пиротехникалық заттарды тәттілердің жанынан алып тастайтынын айтыпты.

Еске сала кетсек, Словакияда супермаркеттердің бірінен екі шоколадты кәмпит ұрлаған тұрғын он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған едік.

Прокурордың айыпталушыға ұзақ мерзім сұрауына пандемияға байланысты енгізіліген төтенше жағдай кезінде ер адамның ұрлық жасауы себеп болып отыр.

Ұрланған кәмпиттердің бағасы бірнеше еуроны құрайды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті ер адам қылмыс орнынан кетіп қалуға әрекеттенбеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894482-lybritaniada-dkennen-mz-kmpit-satyp-algan-jeldi-auzy-kjip-tisi-synyp-kaldy/

pixel