Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтар жиі ішетін сусын коронавирусты тоқтата ма: Зерттеу нәтижесі жарық көрді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Жапондық ғалымдар сілекейдің құрамындағы коронавирустың белсенділігін қалай төмендетуге болатынын тапты. Ол үшін асықпай, бір жұтым шай ішу жеткілікті деп хабарлайды Известия басылымы.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шай жапырақтарында "катехин" антиоксиданттары бар.

Ал жапырақтарды өңдегенде басқа да биологиялық қоспалар бөлініп шығады.

Киотодағы медициналық университеттің ғалымдары дәл осы заттар SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деген болжам жасап отыр.

Зерттеушілер жорамалын дәлелдеу үшін алдымен шайдың түрлі сұрыптарын алып, түтіктегі вирусқа құйып көрген. Сонда қара шаймен араласқан вирустың көлемі бір минуттың ішінде анықталмайтын деңгейге дейін түсіп кетті. Осы уақыттың ішінде маття, ходзича мен улун сияқты көк шай да вирустың мөлшерін азайтқан. Алайда қара шаймен салыстырғанда әсері төмендеу болды.

Зерттеу соңында ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адамның сілекейін алып, қара және көк шаймен 10 секунд араластырған. Сосын дәл сондай сілекейі бар тазартылған сумен салыстырды. Осы жолы да қара шайдың тиімділігі жоғары болды.

Сосын ғалымдар шай арқылы өткен вирусты басқа түтікке салып, оның басқа жасушаларға қалай жұғатынын тексеріп шықты. Сонда вирус мүлдем көрінбеген, я болмаса, оның мөлшері тым аз болған.

"Зерттеудің нәтижесі қара шаймен өңделген SARS-СoV-2 таралу қабілеті айтарлықтай төмендейтінін анық көрсетіп отыр. Таралуы да екіталай", - дейді Киотодағы медициналық университеттің мамандары.

Алайда зерттеудің авторлары шәймен COVID-19-бен емдеуге болмайтынын ерекше жеткізді. Өйткені қара шайдың құрамындағы биологиялық белсенді заттар қанға дұрыс сіңбейді. Ал оның мөлшері аз болғаннан кейін бүкіл денеге тараған вирустың белсенділігін төмендету қиын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894951-kazaktar-zii-isetin-susyn-koronavirusty-toktatuy-mmkin-be-zertteu-ntizesi-zaryk-krdi/

pixel