Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефонның экраны күйіп кетпес үшін не істеу керек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Заманауи смартфондарда экранның күйіп кету мәселесін қалай шешуге болады? Бұл сұраққа Hi-Tech Mail.ru басшысы Дмитрий Рябинин жауап берді деп жазады РадиоSputnik.

Өз сұхбатында ол дисплейдің күйіп кетуін алдын алуға қандай әдістер көмектесетінін айтты.

"Мүмкіндігінше қараңғы фонды қолданыңыз, бұл смартфондардың жұмыс істеу уақытын арттырады. Ең дұрысы, телефонда отырмаған кезде экранды мәжбүрлі өшірудің таймерін қосу керек.

Ол бес минуттан аспау керек. Бұл смартфонды өшіруді ұмытып кеткен жағдайда экранның тозуына жол бермейді. Қажет болмаса, жарықты максимумға қоймаңыз", – деп кеңес берді Дмитрий Рябинин.

Сонымен қатар маман смартфон аларда өзі дисплей шығаратын өндірушілердің өніміне баса назар аударуды ұсынды. Сондай-ақ сөреде тұрған гаджетті алмауға кеңес берді.

"Тіпті жақсы жеңілдікпен тұрса да, сөредегіні сатып алуды ұсынбаймын. Сатып алу кезінде сіз ақауды байқамасаңыз, ал ол бірнеше айдан кейін бәрібір пайда болады. Өз өндірісі мен дисплейлері және басқа компоненттері бар өндірушіні таңдаған дұрыс", - дейді Дмитрий Рябинин.

Айта кетейік, бұған дейін телефонды қандай жағдайда зарядтауға болмайтынын жазған едік.

Маманның сөзінше, смартфонды күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттауға болмайды.

Сонымен бірге мамандар смартфон сатып аларда не нәрсеге мән берген жөн екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895169-telefonny-ekrany-kjip-ketpes-sin-ne-isteu-kerek/

pixel