jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үйсіз азамат шаштараздың көмегімен сымбатты ер адамға айналып шыға келді

Үйсіз азамат
Үйсіз азамат. Фото: 4tololo.ru

Танымал француз шаштаразшысы Дэвид Кодат үйі жоқ азаматтың шашын тегін қиып берді. Ер адамның бір сәтте келбеті өзгеріп шыға келген деп жазады 4tololo.ru.

Дэвид Кодаттың клиенттері қатарында танымал футболшылардан бастап, әлемнің түрлі жұлдыздарына дейін бар.

Шаштаразшы
Дэвид. Фото: 4tololo.ru

Шаштаразшы үйі жоқ азаматтарға тегін шашын қиып беруінің арқасында көпшілік арасында ерекше танымалдыққа ие болған.

Ол мұндай жұмыстарының нәтижесін TikTok парақшасында жариялап, жұрттың мақтауларына ие болуда.

Үйсіз азамат
Үйсіз азамат. Фото: 4tololo.ru

Дэвид бала кезінде кедейліктің дәмін татып үлгергенін, отбасымен талай қиындықтарды еңсеруге тура келгенін айтып, ағынан жарылды.

Шаш
Фото: 4tololo.ru

"Біз де үйсіз қалған едік. Мен сол кезді ешуақытта ұмытпаймын. Бұл естеліктер жағдайы төмен адамдарға мейіріммен қарауыма көмектеседі", - дейді ол.

Үйсіз азамат
Фото: 4tololo.ru

Үйсіз жандардың жай-күйін жақсы түсінетін шаштаразшы, тіпті қайырымдылық қауымдастығының мүшесі атанған. Ол әр жексенбі сайын кедей жандарға тағам таратады.

Үйсіз азамат
Фото: 4tololo.ru

"Бір күні мен оларға тегін шаш қиып беру арқылы көмектесе алатынымды түсіндім", - дейді ол.

Үйсіз азамат
Фото: 4tololo.ru

Дэвид расымен де кәсібінің арқасында үйсіз азаматтарға айтарлықтай көмектесіп жүр. Олардың кейбірі шаштаразшының қызметінен кейін жақындарын тауып, отбасына оралып үлгерген.

Үйсіз азамат
Фото: 4tololo.ru

Шаштаразшының кезекті тегін қызметіне ие болған үйі жоқ ер адам сымбатты азаматқа айналып шыға келді.

Ол ұйысқан шашы мен сақалынан арылғаннан кейін адам танымастай өзгерген.

Үйсіз азамат шаштараздың көмегімен сымбатты ер адамға айналып шыға келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.