Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нәрестесіне ұзын тырнақ жабыстырған ана сынға қалды (фото)

Опубликовано:

Тырнақ
Фото: REDDIT

Ұлыбританияда сәбиіне ұзын тырнақ жабыстырған ана көпшіліктің ашуын келтірді деп жазады Daily Star басылымы.

Сән қуған келіншек кішкентай қызына да тырнақ жабыстырып көруді ұйғарған. Ол сәбиіне маникюр жасап, тіпті тырнағына Louis Vuitton жазуы мен жылтырақ тастарды жапсырып шыққан.

Баласының "әдемі" тырнағымен мақтанғысы келген әйел Reddit-те оның суретін жария етеді. Алайда жұрттың мақтауына ие болуды күткен келіншек, керісінше сынға қалды.

Әйелдің бұл "ессіз" әрекеті көпшілікке жақпай қалған. Олар сәбиі мұндай ұзын тырнақпен өзін тырнап аулы мүмкін екенін, тіпті көзін шұқып алуы ғажап еместігін айтып, келіншекке дереу тырнақтардан арылуға кеңес береді.

"Балақай көзін абайсызда шұқып алып жүрмесін", "Балаңыз мұндай ұзын тырнақпен әбден қиналатын болды ғой", "Нәрестелер әдетте өзін-өзі тырнап алып жататынын бұл келіншек білмейді ме, сонда?", "Қорқынышты көрінеді", "Бояу мен желімнен балаңызда аллергия пайда болуы мүмкін екенін білесіз бе", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Десе де, әйелді жақтағандар да табылды. Олар анасы баласымен көңіл көтергенінде тұрған ешетеңе жоқтығын алға тартқан.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, аналарға кішкентай балалардың тырнағын уақытылы алып отыруға кеңес береді. Себебі тырнағы тез өсетін нәресте өзін жарақаттап алуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895414-nrestesine-zyn-tyrnak-zalgagan-ana-synga-kaldy-foto/

pixel