Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жерлеу кезінде "тіріліп кеткен" әйел қайтадан ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Табыт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанда дәл жерлеуі кезінде өлдіге саналған келіншек кенеттен "тіріліп кетті". Оның тірі екеніне көзі жеткен жақындары әйелді дереу ауруханаға жеткізген деп жазады ren.tv.

Оқиға Карнатака штатының Бангалор қаласында болған.

Ясмин Бану есімді әйел өз үйінде есінен танып қалады. Оны ағасы ауруханаға алып барғанда, дәрігерлер әйелге жедел ота жасау керектігін айтқан. Алайда дәрігер ауруханада кереуеттің жетіспеуіне байланысты Ясминді емдеуден бас тартады. Келесі күні жедел жәрдем жүргізушісінің кеңесі бойынша әйел жеке клиникаға жеткізіледі.

Ағасы әпкесінің емделуіне аванс ретінде 130 мың рупийді клиникаға аударғанымен, ота алдында аурухана өкілдері науқастың миы семгенін (мидың өлімі) мәлімдеп, оны үйіне алып кетуді сұраған.

Содан кейін ер адам жерлеу рәсіміне дайындалу үшін әпкесінің денесін зиратқа алып барады. Жерлеуге бірнеше минут қалғанда көпшілік Банудың тыныс алып жатқанын байқайды. Бұл жайт жерлеуге қатысушыларды есеңгіретіп тастайды.

Оның тамыр соғысы қалпына келіп, артынша әйел есін жинаған екен. Бануға жақындары дереу су беріп, жеке ауруханаға қайтадан алып барады. Дәрігерлер оны тексеріп, ем тағайындаған.

Медицина қызметкері аурухананың құжаттарында әйелдің қайтыс болғаны туралы ешқандай жазба болмағанын алға тартып, ақталған.

Айтуынша, жақындары дәрігерлердің сөзін дұрыс түсінбей, оны өлдіге санап, жерлеуге кірісіп кеткен.

Абырой болғанда, дер кезінде есін жиған келіншек бүгінде дертінен жазылып келеді. Ал Банудың жағдайы жақсарып жатқанына ерекше қуанған жақындары оның әрі қарай емделуіне ақша жинауға кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895881-zerleu-kezinde-tirilip-ketken-jel-kajtadan-auruhanaga-zetkizildi/

pixel