jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алдағы жеті күнде бес бірдей астероид Жердің жанынан ұшып өтеді

Астероид
Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы жеті күннің ішінде Жердің жанынан бес бірдей астероид ұшып өтетіні белгілі болды деп жазады ren.tv.

Жердің жанынан 5 астероид ұшып өтетінін NASA-ның Жерге жақын заттарды зерттеу орталығы мәлімдеді.

28 қаңтарда Жерден Айға дейін 5,5 дистанцияға тең қашықтықта (шамамен 2,2 миллион шақырым) біздің планетамыздың жанынан 2021 BZ астероиды ұшып өтеді. Оның өлшемдері 29-дан 65 метрге дейін жетеді деп бағалануда. Ол Мәскеу уақытымен сағат 7.12-де Жерге ең жақын қашықтықта болады.

Тағы бір астероид 2021 AG7 Жердің жанынан 29 қаңтар күні ұшып өтеді. Оның өлшемдері 47-ден 110 метрге дейін жетеді. Мәскеу уақытымен 11.50-де ол Жерге жақындай түспек. Дәл осы күні Мәскеу уақытымен 22.37-де 2021 AF7 астероиды Жерге жақын ұшып өтеді, оның өлшемдері 24-тен 53 метрге дейін жетпек.

2 ақпанда Жерге 2021 AL және 2021 BD3 астероидтары жақындайды. Олар шамамен Айға дейін 10 дистанцияға тең қашықтықта ұшады. Олардың ең кішісі (19-дан 43 метрге дейін) Жердің жанынан Мәскеу уақытымен 12.58-де, ал ең үлкені Мәскеу уақытымен 4.01-де ұшып өтеді. Оның өлшемі 67 метрге дейін жетуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып, дабыл қаққанын жазғанбыз. Суретшінің картиналары болашақты болжайтынына сенімді мамандардың бірі осындай тоқтамға келген екен.

Алдағы жеті күнде бес бірдей астероид Жердің жанынан ұшып өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.