Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал рэпер маңдайына 24 млн доллар тұратын гауһар тас жапсырып алмақ (фото)

Опубликовано:

Рэпер
Фото: @LILUZIVERT

Америкалық рэпер Lil Uzi Vert (шын аты — Саймир Вудс) маңдайына имплантация жасау үшін 24 миллион долларға гауһар тас сатып алған. Ол бұл туралы өз Twitter парақшасында жазды.

Хип-хоп орындаушысы 10 каратты алқызыл гауһар тас сатып алған. Ол 2017 жылы осы түстес нағыз гауһарды көрген соң ақша жинауды бастаған.

Ал жақұттың құны оның барлық мүлкін яғни үйі мен автокөлігін, Bugatti компаниясын қосқанда қымбат тұрады.

Имплантацияны рэперге танымал зергер Эллиот Эллианте жасамақ.

26 жастағы Саймир Вудс Money Longer деп аталатын туындысын жарыққа шығарғаннан кейін танымал болды. 2017 жылы оның "XO TOUR Llif3" әні үздік 10 әннің қатарына енді.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа сәннен қалғысы келмеген жастар жаппай мұрнына тату салдыра бастағынын жазған болатынбыз.

Олар мұрнының үстіне түрлі суреттерді татудың көмегімен салдырып, өз фотоларын желіде жариялай бастаған.

Мұрнына тату салдырып үлгергендердің дені бұл процедураны жасау кезінде қатты ауырсыну сезімдеріне шыдау керектігін жасырмайды.

Сонымен қатар денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алған жазған едік.

Эмбер есімді бойжеткен денесіне 600-ден астам тату салдырған. Денесінде бос орын қалмай бара жатқанын ұққан ол енді қара сияның үстінен ақ сиямен тату салдыруды жоспарлап отырған көрінеді.

Эмбер Instagram желісінде танымал. Ол суреттерімен желіде бөлісіп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896746-jgili-reper-madajyna-24-mln-dollar-tratyn-gauar-tas-zapsyryp-almak/

pixel