jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Испания төрт күндік жұмыс режиміне көшуі мүмкін

кеңсе2
Көрнекі фото: pixabay.com

Испания үкіметі елде төрт күндік жұмыс аптасын енгізудің ұлттық пилоттық жобасын бекітті деп хабарлайды CentralAsia.media.

Үш жылға созылатын тәжірибеге 50 миллион еуро бөлінген.

Билік жұмыс аптасын 40-тан 32 сағатқа дейін қысқартатын, бірақ қызметкерлерінің жалақысын азайтпайтын компанияларды қаржылай қолдауды жоспарлап отыр.

Пилоттық жоба Más País партиясының бастамасымен жасалған. Партия басшысы Иньго Еррегонның сөзінше, бұл бастама кәсіптің кірісін төмендетпей, еңбек өнімділігін арттыруға арналған.

Иньго Еррегон пилоттық жоба компанияларға төрт күндік жұмыс аптасының артықшылықтарын көрсетіп, оларды үкіметтің қолдауынсыз осындай режимге өз бетінше ауысуға итермелейді деп үміттенеді.

Сонымен қатар компанияларға берілетін қаржылық төлемдер үш жыл ішінде біртіндеп азаяды. Өйткені олар қаржылық жағынан тұрақты бола түсуі қажет.

Еске сала кетсек, көптеген қазақстандық шенеуніктерден 31 желтоқсанды ресми демалыс күні деп жариялауды сұрағанын жазған едік.

Қазіргі уақытта бұл күн ресми түрде мереке болып есептелмейді. Қол астындағыларға демалыс беру-бермеуді жұмыс берушілердің өздері шешеді.

Алайда Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл экономикаға әсер етуі мүмкін. Ведомство елімізде ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ғана демалыс берілетінін айтты.

Испания төрт күндік жұмыс режиміне көшуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.