Белгісіз фотограф түсірген XIX ғасырдағы Жапонияның түрлі-түсті суреттері
Жарияланған күні:

Жапония елінің XIX ғасырдағы көздің жауын алар түрлі-түсті суреттерін bigpicture.ru сайты назарға ұсынды.
Жапондықтар шетелдіктерге 19 ғасырдың ортасында ғана елдің порттарында сауда жасауға рұқсат берді. Дәл сол кезде еуропалықтар бұл жұмбақ елдің мәдениеті мен өмірімен етене таныса бастады.
Бұл фотосуреттерді кім түсіріп, кім түрлі түске бояғаны белгісіз, бірақ құпия фотограф пен Нью-Йорк кітапханасының арқасында біз 1890 жылдардағы жапон ауылының өмірімен танысу мүмкіндігіне ие болудамыз.

Ауылдағы құдық

Ферма иесі күрішті базарға алып баруда

Нагасаки

Шаруа

Өрт сөндірушілер өз шеберліктерін көпшіліктің назарына ұсынуда

Фудзи тауындағы сарқырама

Мацусима шығанағының көрінісі

Ұйықтап жатқан қыздар

Ас үй. Арулар түскі ас әзірлеп жатыр

Нагасаки ғибадатханасына кіреберіс

Күріш отырғызу

Жас күтуші

Шаруалар

Йокогамадағы театралдық көше

Паланкин
Еске салсақ, бұған дейін 1940 жылдары түсірілген суреттердің түрлі түске боялған нұсқасы әлем жұртшылығының назарына ұсынылған еді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңіндегі түрлі-түсті кадрлардың басым бөлігін немістер Agfacolor пленкасына түсірген.
Соғыстан кейінгі жылдары америкалықтар сатып алған және бүгінде Life журналының мұрағатында сақталған Хуго Йегердің фотосуреті жақсы сақталынуының арқасында бізге дейін сол қалпында жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897281-belgisiz-fotograf-tsirgen-xix-gasyrdagy-zaponiany-trli-tsti-suretteri/