Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миға зиян": үйде Wi-Fi роутерді қай жерге қоюға болмайды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі ресейлік маман пәтерде wi-fi тарататын роутерді адам тұрмайтын бөлмеге орнату керек екенін мәлім етті деп хабарлайды РИА Новости.

"Өмірлік кеңістік экологиясы" зертханасының жетекшісі Антон Ястребцевтің сөзінше, роутерден келетін электр-магниттік әсер салдарын азайту үшін бірқатар талапты сақтау тиіс.

Маман үйде қолданатын сертификатталған роутерлер қауіпсіз екенін жасырмады. Алайда барынша сақтанған жөн, дейді ол. Сондықтан бұл құрылғыны жұмыс істейтін, ұйықтайтын бөлмеге қоймау қажет.

"Кейде адамдар жақсы байланыс керек деп роутерді үстелге қояды. Бұл дұрыс емес. Роутер сәулесі үш метр қашықтықта зиянды әсер етеді. Сол себепті алшақ қою керек", - деді Антон Ястребцев. 

Сонымен қатар, маман роутер төсектің жанында тұрмауы керек деген пікірде. Оның айтуынша, мұндай жағдайда адамның миына әсер етеді екен.

Wi-fi дәлізде немесе адам жиі болмайтын басқа бөлмеде орнатылуы керек деген ереже бар. 

"Жатын бөлме мен ас үйден арақашықтығы 2-3 метр болуы керек. Мұндай талапты барлық пәтерде сақтау қиын. Бірақ зиянды әсерін азайтуға мейлінше тырысу керек", - деді Ястребцев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898349-miga-ziyan-uide-wi-fi-routerdi-qai-zerge-qoyuga-bolmaidy/

pixel