Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ұқсайды": Биологтар Таиландтағы жарқанаттардан коронавирустың тағы бір бөлшегін тапты

Опубликовано:

жарқанат 2
Көрнекі фото: pixabay.com

Молекулярлы биологтар Таиландтың шығысындағы үңгірлерді мекендейтін жарқанаттардан коронавирус бөліктерін тапты. Құрылымы бойынша SARS-CoV-2 геномына қатты ұқсайтын бөлшектер туралы биологтар Nature Communications журналындағы мақалада жариялаған деп жазады TASS.

"Нақты SARS-CoV-2-ге жақындығы жайлы толық нақтыланған жоқ. Дегенмен, зерттеу нәтижесінде олардың мекен ететін аймағы Жапония мен Таиланд аралығына жететінін, 4,8 мың шақырымға созылатынын анықтадық. Бізге COVID-19-ды тікелей қоздырушыларды нақтылау үшін шекара аралық бақылау жүргізу қажет", - деп жазады зерттеушілер.

Ғалымдар ғаламдық пандемияны туғызған СОVID-19 індетінің басты себебі қашан және қайда пайда болғанын анықтауға тырысуда. Дегенмен, бұл мәселеге келгенде эпидемиологтардың өзі әлсіз болып отыр.

Атап айтар болсақ, биологтар аталған вирустың қашан және қалай пайда болғанын, қандай жануарлар вирусты тасушылар қатарында екенін дөп басып айта алмайды.

Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, SARS-CoV-2 Шығыс Азиядағы жарқанаттар арасында әлдеқайда ерте, өткен ғасырдың ортасында болған. Мұндай жаңалықтардан соң жануарлар мен құстарда коронавирустың қаншалықты жиі болатыны және өткен ғасырда адамзаттың бұл вирусты неліктен білмегені де ғалымдарды ойландырып отырған басты мәселелердің бірі.

Ғалымдар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жарқанаттарды жіті қадағалау арқылы COVID-19 вирусының түп-тамырын анықтауға болады деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898570-qatty-uqsaidy-biologtar-tailandtagy-zarqanattardan-koronavirustyn-tagy-bir-bolsegin-tapty/

pixel