Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1973 жылғы рекорд жаңарды: Мәскеуге 50 жылда болмаған қалың қар түсті

Опубликовано:

Қар
Фото: olegmm1606 / Instagram

Мәскеуде 50 жылда алғаш рет рекордтық деңгейдегі қалың қар түсіп, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

12 ақпанда түскен қар көлемі 1973 жылы тәулік ішінде жауған қардың рекордтық көлемінен асып түскен деп хабарлайды жергілікті гидрометеоорталық қызметкерлері. 12 ақпан күні сағат кешкі алтыда 9 мм-ге жететін қар түскен. Бұл ақпан айындағы қар нормасының (36 мм) 25 пайызын құрайтын көлем. Ал 1973 жылғы 12 қаңтарда түскен қардың мөлшері 7 мм болған екен.

14 ақпанға дейін тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы 50 сантимтерге дейін жетуі мүмкін екені синоптиктермен бұған дейін де болжанған болатын. Аяз бен қалың қар тұрғындарды әбден әбігерге салған. Қалада ұзын-сонар кептеліс қалыптасып, Мәскеу әуежайларында 50-ден астам рейс кешіктірілген деп хабарлайды ТАСС.

Сол арада әлеуметтік желі қолданушылары қарлы қаланың суреттерімен жарыса бөлісуде. Суреттерден көліктердің қар астында қалып жатқанын, ал тұрғындар жанталаса ғимараттар мен үйлердің кіреберісін қардан тазартып жүргенін байқауға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Швейцарияда аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ресей қалаларының бірі Норильскіде екі айлық қар мөлшері 5 күнде жауғанын жазған болатынбыз.

Айта кетсек, Норильск - әлемдегі ең желді әрі суық қалалардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898957-maskeuge-50-zylda-bolmagan-qalyn-qar-tusti/

pixel